АНАЛАР НАЗАРЫНА

БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН

АНАФЕРОНМЕН НЫҒАЙТАМЫЗ

Балабақшада және мектепте көптеген вирустарға тап болып бала жиі ауырады. Кейде бір аурудан кейін бас көтеріп үлгере алмай, ол жаңа инфекцияны жұқтырады. Жөтел, қызу және мұрыннан аққан су бала өмірінің тұрақты серіктеріне айналады.

Баланы инфекциялардан қалай қорғап қалуға болады? Біз оның сыртқы әлеммен байланыстарын шектей алмаймыз. Себебі, оған дамып, қарым-қатынас жасап, жаңа нәрселерді үйрену керек. Ал жұмыс басты аналарға одан бетер қиын, бұл жағдайда балабақша қажеттілік болып табылады.

Бірақ бізге денсаулығын сақтау үшін баланы байланыстардан қоршаудың қажеті жоқ. Баланың иммунитетін күшейту жеткілікті. Сонда ол өзі-ақ оның ағзасына түскен вирустарға тойтарыс беретін болады. Балаларға арналған анаферон аналарға осы қиын тапсырманы жеңуге көмектеседі.

 

 

Балаларға арналған Анаферон қалай жұмыс істейді?

Ағзаға вирус енген кезде иммунитет жауап ретінде арнайы ақуыздарды – интерферондарды бөле бастайды. Бұл ақуыздар вирустың дамуына және көбеюіне жол бермейді. Алайда егер қоздырғыштар тым көп болса және иммунитет әлсіреген болса, ол интерферондардың қажетті мөлшерін бөле алмайды.

Міне осы жағдайда балаларға арналған Анаферон көмекке келеді – ол иммундық жасушалардың олар үйлесімді және белсенді жұмыс істей бастауына себепші болады. Қорғаныш ақуыздарының қажетті мөлшері бөлініп, ағза вирусты жеңетін болады.

 

Тұмау мен басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) профилактикасы

Тұмау мен басқа ЖРВИ-дің профилактикасы ретінде балаларға арналған Анаферон таблеткаларын келесі жағдайларда қолдануға болады:

  • аурудан кейін қалыпқа келу үшін
  • балабақшаға бейімделу кезеңінде
  • көктем мен күзде, суық тию мезгілінде
  • егер отбасының басқа мүшелері ауырып қалса
  • вакцина алуға дайындық кезінде

Балаларға арналған Анаферонды бала өмірінің алғашқы айынан бастап қабылдауға болады.

 

Балаларға арналған Анаферонды профилактика үшін қалай қабылдауға болады?

Балаларға арналған Анаферонды тамақ ішу кезінде емес, ішке қабылдау ұсынылған. Таблетканы ауызда ол толық ерігенше ұстау керек.

ЖРВИ профилактикасы үшін балаларға арналған Анаферонды қабылдау схемасы өте қарапайым: күніне 1 таблеткадан қабылдау қажет.

Дәрілік зат жағымды дәмге ие және балалар оны қуана сорады. Ал, әдетте, 3 жасқа дейінгі әлі де сора алмайтын балалардың аналарына – таблетканы бір ас қасық қайнаған суға ерітіп беру ұсынылады. Балаларға арналған Анаферонның профилактикалық қабылдау курсы бір айдан үш айға дейін созылуы мүмкін.

 

Вирусты жұқпаларды емдеу

Егер бала дегенмен инфекцияны жұқтырып алса, мүмкіндігінше тез әрекет ету керек. Емдеуді неғұрлым ертерек бастасаңыз, ауру соғұрлым оңай өтетін болады. Балаларға арналған Анаферон тұмау, ЖРВИ, желшешек және ротавируспен күресуге көмектеседі. Мұнда дәрілік зат бірден екі бағытта жұмыс істейді:

  1. қызу, бас ауруы, дененің сырқырауы, жөтел және басқалары сияқты белгілерді жеңілдетеді, сондай-ақ желшешек кезіндегі бөртулерді азайтады
  2. балақайдың иммунитетіне ауруды тезірек жеңуге көмектеседі

Әрбір жағдайда дәрілік затты дұрыс мөлшерлеу туралы толық ақпарат нұсқаулықта келтірілген, сонымен қатар дәрігермен кеңескен жөн.

 

Егер балақай ЖРВИ-мен ауырып қалса, балаларға арналған Анаферонды қалай қабылдауға болады?

Тамшылар балаға келесі схема бойынша беріледі:
Емдеудің алғашқы тәулігінде: алғашқы 2 сағатта әр 30 минут сайын 10 тамшыдан, содан кейін қалған уақытта, тең уақыт аралықта тағы 3 рет.

Екіншіден бесінші тәулікке дейін: күніне 3 рет 10 тамшыдан.
Препарат тамақ ішуден тыс уақытта, тамақтандыру арасында не баланы тамақтандырудан немесе сұйықтық қабылдаудан 15 минут бұрын қабылданады.

Таблеткалар балаға келесі схема бойынша беріледі:
Емдеудің алғашқы күнінде 8 таблетка келесі схема бойынша қабылданады: алғашқы 2 сағатта әр 30 минут сайын 1 таблеткадан (барлығы 2 сағат ішінде 5 таблетка), содан кейін сол күні тағы 3 рет тең уақыт аралығында 1 таблеткадан.

Екінші күні және одан кейінгі күндері толық сауыққанға дейін күніне 3 рет 1 таблеткадан қабылдау қажет.

Препарат тамақтану кезінде қолданылмайды. Таблетканы ауызда ол толық ерігенше ұстау керек.

Препаратты кіші жастағы балаларға (1 айдан 3 жасқа дейін) тағайындағанда таблетканы бөлме температурасындағы қайнаған судың аз мөлшерінде (1 ас қасық) еріту ұсынылады.

 

Аналар неліктен балаларға арналған Анаферонды таңдайды?

Әр ана баласы үшін ең жақсысын таңдайды. Миллиондаған адамдар баланың денсаулығы балаларға арналған Анаферонмен сенімді қорғалғанына көз жеткізді.

Балаларға арналған Анаферон 80-нен астам клиникалық тексерістерде зерттелген. Тәжірибелі аналардың айтуынша дәрілік затты үнемі қабылдау балақайға аз ауырып және тезірек қалыпқа келуге септігін тигізеді.

Бұл бөбектің денсаулығы үшін алаңдаушылық сезімінен құтылудың тамаша мүмкіндігі.

В начало >>