Өмір жарқыны

Көңіл-күйді іздеу: Өмірге бояулар қосудың 5 тәсілі

Аналарға арналған лайфхактар

Жақсы көңіл-күй үшін әйел затына сәл-пәл әлсіздік пен өмірдің кішкентай қуаныштары қажет. Егер сіз мезгіл-мезгіл өзіңізді еркелетіп, қуантуды әдетке айналдырсаңыз, онда сіз өзіңізді бақытты сезінесіз және балалар мен жақындарыңызға осы жақсы көңіл-күйді «жұқтыра» аласыз. Сізге арнап күнделікті өмірді ашық түстермен қалай бояуға болатындығы туралы бірнеше қарапайым идеяларды жинадық.

 

Жағымды ұсақ-түйектер

Көңіліміз құлазығанда, ештеңеге күш пен қуат жетіспегенде, көңіл-күйіміз жаман жаққа өзгереді – реніш, ашу және шаршау пайда болады. Бірақ өзіңіз үшін жағымды нәрсе жасаған кезде бәрі өзгеріп шыға келеді. Егер сіз күніңізді күйеуіңізбен таңертеңгі кофе ішіп жағымды әңгімеден бастасаңыз, онда күні бойы сізде көп қуат болуы әбден мүмкін. Егер бала еркелеп шолжаңдамаса, сабырлы болу оңайырақ болады. Кітап оқу, велосипед айдау, аспаздық тәжірибелер немесе жай ғана тұз бен май қосылған ванна қабылдау – мұндай жағымды іс-шаралар ерекше шығындарды қажет етпейді, бірақ олар сіздің ішкі ресурстарыңызды толықтыра алады.

 

Мұнда және қазір

Егер сізде «ерекше жағдай» үшін заттарды сақтау әдеті бар болса, бұл ережелерді анда-санда болсын бұзып көріңіз. Қонақтар үшін деп қойған хош иісті шайды өзіңізге демдеп, оның бай дәмінен рақат табыңыз; сирек себептерге арнап мұқият сақтайтын хош иісті әтірді себіңіз немесе сүйікті көйлегіңізді еш себепсіз киіңіз. Осы сәттен рақат алуды үйреніңіз және күнделікті өмірді ашық түстерге жиірек бояңыз!

 

Айналадан шабыт іздеңіз

Келесі тәжірибені қолданып көріңіз: күн сайын сізді таң қалдырған немесе қуантқан бір нәрсенің не құбылыстың фотосурет жасаңыз. Бұл кадрларды, мысалы, Instagram-ға жүктеуге болады немесе өзіңіздің жеке фотоальбомыңызға салып қоя аласыз. Өткен күннің тарихын бір кадрмен айтып беріңіз – осылайша сіз өзіңізге жақын әдемі және ерекше нәрселерді, құбылыстарды байқауға үйренесіз, мысалы: жерге құлаған жапырақ, саябақтағы қарт жұп, неон жарнамасы, тәтті балмұздақ, сүйікті кітап дүкені… Сіз айналадағының бәрінен ерекше нәрсені көруді үйренесіз және, әрине, өзіңізді бақытты сезінетін боласыз.

 

Ретке келтіру

Көптеген әйелдер сыртқы және ішкі тәртіп арасындағы тікелей байланыс жайлы біледі. Ұқаланған киімге лық толы шкаф, үстел астындағы едендегі жабысқақ дақ, жиналмаған төсек – бәрі таныс және күнделікті болып көрінгенімен, бірақ бұл ұсақ-түйектер ашуды келтірмей қоймайтыны айдан анық! Тәртіпті қалпына келтіруге және заттарды өз орнына қоюға бар болғаны 15 минут уақыт бөлсеңіз – сіз бірден жағымды қуат аласыз.

 

Бала сияқты болыңыз

Кейде өзіңізге балалармен бірге демалуға және есерленуге мүмкіндік беріңіз. Сіз, мысалы, әтеш үнін салудан кім бәрінен үздік болар деген, кім пингвинді немесе құртты күлкілі етіп суреттей алатынан жарыс ұйымдастыра аласыз. Әзілдесіп, күліңіз – бұл сізге жеңілдік сезімін сыйлап, кепілді түрде көңіл-күйіңізді көтерері анық.

Бәлкім, жақсы көңіл-күй мен жеңілдік сезімінің басты шарты – барлық отбасы мүшелері мен баланың денсаулығы болар. Нәрестеге ЖРВИ немесе суық тигенде аурудың жағымсыз белгілерінен басқа, олар сонымен бірге мазасыздық, ұйқысыз түндер мен күннің бұзылған режиміне себепші болатыны анық. Баланың иммунитетін қалай қолдау керектігін және суық тию немесе ЖРВИ кезінде қалай тезірек қалпына келуге көмектесуге болатының біліңіз.

Келесі сабақ >>