Қаржы және жұмыс

Ананың қолы бос емес!

Балаларда дербестікті қалай дамытуға болады?

Сіз жұмыс істегіңіз келеді (мүмкін үйден шығар), бірақ сәбиіңіз сізге тым тәуелді болғандықтан, ештеңе шықпайды деп қорқасыз ба? Мұндай күмәндар қосымша немесе негізгі табыс туралы ойлайтын көптеген аналарға таныс. Әйелдерді «бала менсіз қалай бола алады екен?» деген сұрақ мазалайды.

Шын мәнінде, сыртқы көмексіз бірдеңе жасау қабілеті баланың алдында ғана емес, ананың алдында да үлкен мүмкіндіктер ашады. Егер нәресте өздігінен тамақтана алса, киініп, өздігінен ойнай алса, онда анасы да аз шаршайтын болады, сонымен қатар өз ісімен айналысуға тамаша мүмкіндік пайда болады.

Бұл тек теорияда мүмкін деп ойлайсыз ба? Біз жеті баланың анасы Мәрияммен балаларда дербестікті жөргектен бастап қалай дамыту керектігі туралы сөйлестік және сіздермен іс жүзінде тексерілген құнды ақпаратпен бөлісуге дайынбыз.

 

Дербестік — бұл дағды

Балаларды дербестікке мүмкіндігінше ертерек үйреткен жақсы. «Бала өзгенің көмегінсіз орындай алатын кішкентай тапсырмалардан бастау керек. Оны белгілі бір тапсырма үшін жауап беруге үйрету: ойыншықтарды жинау, үстелге жинауға көмектесу, ертеңге қажет заттарды дайындау және т. б. Бірте-бірте өмірге үйлесімді кіріктірілген әрекеттер тізбегі балаүшін әдетке айналады», — дейді Мария өз тәжірибесімен бөлісіп.

Иә, сіз балаңызды пайдалы дағдыларға неғұрлым ерте үйрете бастасаңыз, сізде өз істеріңізге қымбат уақытты табу соғұрлым оңайға түсетін болады. Айтпақшы, психолог және әйгілі кітаптардың авторы Анна Быкова «жалқау ана» идеясын көпшілікке жеткізуге тырысуда және ол баланың дербестігіне негізделген.

Сонымен, балаларда дербестікті дамытқысы келетін аналар үшін нені есте сақтау қажет?

Табиғи қажеттілік

Егер сіздің балаңыз өзіне бір нәрсе жасауға еркіндік беру үшін әлі кішкентай деп ойласаңыз, біз сізді таң қалдыруға асығамыз. Иә, жаңа туған нәресте толығымен ересектерге, әсіресе анасына тәуелді, бірақ нәресте тез үйренеді! Өзіңіз ойлаңыз: алдымен нәресте басын ұстап, аунап, заттарды ұстап, былдырлап үйренеді, содан кейін – отырып, еңбектеуді, қасық ұстауды үйренеді… Және мұның бәрі туғаннан кейінгі бірінші жылда. Балалардың дербестікке деген құштарлығы үлкен және бұл туа біткен қасиет.

Уәждеме іздеу

Егер дербестік – бұл балаға үйрету керек дағды болса, онда уәждемені есте ұстаған жөн. Себебі, уәждеме кез-келген оқытудың негізінде жатыр. Басқаша айтқанда, балақай жаңа нәрсені өздігінен үйренгісі келуі қажет. Бірақ кішкентай балада қандай уәждеме болуы мүмкін? Ең алдымен, өзінің қажеттіліктері (мысалы, тамақтану немесе ойнау), сондай-ақ ең жақын адамдардың назары мен мейірімді, жылы сөздері. Сонымен қатар, балақайды ол өздігінен бірденені жасауға тырысқан кезде-ақ бірден мадақтап, мақтау керек. Кейбір ересектер баланы асыра мақтаудан қорқады, сондықтан да олар мақтау сөздерін аз айтып жатады. Егер сіз де балақайды тым еркелетіп қалудан қорқатын болсаңыз, 3 маңызды ережені есте сақтаңыз:

  • Шын жүректен және лайықты мақтаңыз— егер бала қарапайым нәрсе жасаса, «жарайсын» және «жақсы» сөздерін оңға және солға шашудың қажеті жоқ. Сүйіспеншілігіңізді құшақтап немесе жылы күлімсіреп білдіруге болады.
  • Баланың өзін емес, оның әрекетін мақтаңыз. Мысалы: «Сен кітаптарды сондай ұқыпты жинадын, енді бөлме таза және мұнда кірудің өзі рақат».
  • Егер баланың қолынан бірдене келмей жатса, оны жігерлендіріңіз. Бала тырысып жатқанда, бірақ одан ештеңе шықпаса, оның өз күшіне деген сенімін жоғалтпау үшін және ерте ме, кеш пе сәтті болатын әрекеттерді жалғастыру үшін сіздің мақұлдауыңызды есту өте маңызды.

Оқыту қағидаты

Егер бала әлі кішкентай болса, оны өз мысалыңызда үйреткен дұрыс, себебі бұл жағдайда сөзбен түсіндіру тиімсіз болып табылады. Балаға бір нәрсені қалай жасау керектігін көрсетіңіз, ол оны қайталағысы келеді. Сізге көп шыдамдылық пен балаға деген сөзсіз махаббат қажет болады, себебі ол бірден жаңа дағдыны игере алмайды. Кейбір жағдайларда сізге баланың қолын өз қолыңызға алып, оны бағыттау керек болады. Сізге көмегіңізді біртіндеп азайту қажет.

 

Баланы өз бетінше ойнауға қалай үйретуге болады

Сізде көптеген ата-аналар сияқты, бітпейтін «менімен ойнашы» деген сөздерден төсек астына тығылып қалғыңыз келе ме? Бәлкім, келесі идеялар сізге қымбат минуттарды, тіпті бос уақыт табуға көмектесер.

Тақырыпты ойлап табыңыз

Балаға кейде ойын идеясын берудің өзі жеткілікті — содан кейін оның қиялы өзі-ақ бар пәрменімен жұмысқа кіріседі. Леоновтың кейіпкері балабақшадағы таңғы асты ғарыштық отырысқа қалай айналдырғаны есіңізде ме? Бұл тәсілді қару етіп алыңыз! Мысалы, сіз бұдан былай жұмыстағы үлкен алыпсыз, ал бала алыптың назарын өзіне аудармау үшін тыныш әрекет етуі керек кішкентай эльфтердің арасындағы үлкені-мыс.

Тапсырма беріңіз

Балалар квесттерді, челлендждерді немесе маңызды (және одан да күштісі – «құпия») тапсырмаларды орындағанды жақсы көреді. Үйде бес қызғылт сары, сегіз дөңгелек заттарды табу бойынша миссия тағайындаңыз. Сіз алдын-ала чек-парақты салып немесе басып шығара аласыз, онда бала табылған заттардың санын белгілейтін болады.

Үлкендердің жұмысы

Балаларға ата-аналары істейтін нәрселерді қайталаған ұнайды. Егер сізде ескі, жұмыс істемейтін ноутбук немесе телефон болса, оларды балаға анасы немесе әкесі сияқты «жұмыс істеуі» үшін беруге болады. Ал «бәліш» дайындауға қалай қарайсыз? Балақайға тостаған, аздап су мен ұн беріңіз – аспаз болып ойнасын. Ал егер тегешке жылы су құйып, оған аздап сусабын қосып, балақайға оның шұлықтарын берсеңіз, онда ол оларды мұқият жуып, сығып, содан кейін іліп қоя алады. Мұндай «үлкендердің» жұмыстарын оннан астамын ойлап табуға болады, бастысы — бастау.

Көп адамдардың ойынша, бұны тек үлкен отбасыда ғана ұйымдастыруға, сондай-ақ үлкен балаларға кішілер жайлы қамқорлықты артуға болады екен. Мария отбасыдағы жалғыз баланы да дербестікке үйретуге болатындығын және қажет екенін атап өтті. Және сіз неден бастау керектігін білесіз. ?

<< Алдыңғы сабақ Следующий модуль >>