Қаржы және жұмыс

Қашықтықтан жұмыс істеуді ұйымдастыру бойынша жұмыс істейтін аналарға арналған лайфхактар

Аналарға арналған лайфхактар

Жыл сайын көптеген қызметкерлер қашықтан жұмыс режиміне ауысуда. Бір жағынан, бұл ыңғайлы: жолға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, сіз өз жұмыс кестеңізді өзіңіз жоспарлай аласыз, демалыста және аурып қалған кезде күтушіні жалдамауға болады. Бірақ аналардың басты проблемасы — бұл жұмысқа баса назар аударудың мүмкін еместігі. Оларға тапсырмалардың көп бөлігін түнгі уақытқа қалдыруға тура келеді.  Әрине, бұл тұрақты түрде ұйқының жетіспеушілігі мен шаршауға әкеп соғады.

Біз сізге қашықтағы жұмысты ұйымдастыруға және демалуға уақыт табуға көмектесетін ұсыныстар жинадық.

 

Жұмыс орнын жабдықтау

Қашықтағы жұмысты ұйымдастырудың алғашқы қадамы — үйде жұмыс орнын құру. Бұл үшін бөлек бөлме болуы міндетті емес, кішкене бұрыш та жарап жатыр. Барлық жұмыс құралдарын «кеңсеге» жинаңыз, жұмыс үшін ыңғайлы орта жасаңыз. Енді бұл сіздің аумағыңыз.

  • Диванда жатып ноутбукпен жұмыс жасағанда, балаға анасы демалып жатыр ма әлде қолы бос екенін анықтау қиын. Бірақ егер сіз «кеңседе» болсаңыз: қазір анам жұмыс істеп жатыр және оны алаңдатуға болмайды деген балаға түсінікті болады.
  • Тәжірибелі фрилансерлер бір жерде жұмыс істеу тезірек «қосылуға» және жұмыс міндеттеріне шоғырлануға мүмкіндік беретінін біледі.

 

Ымыраға келу

Баламен ананың жұмыс істеуіне мүмкіндік беру үшін келісу өте қиын міндет. Баланың мінезі мен темпераментіне қарау керек. Біреумен ымыраға келу оңай, ал екіншісімен тапқырлықтың ғажайыптарын көрсету керек. Бірақ көбінесе аналарға келесі екі нұсқаның біреуі жеткілікті болады.

1. Жұмыс пен ойындардың кезектесуі

Сағат пен уақыттың не екенін білетін балаларға жарайды. Таймерді 40 минутқа қоямыз, балаға қоңырау ойнаған кезде анасы жұмысын қалдырып, онымен 20 минут ойнайтынын түсіндіреміз. Үзіліс кезінде балаға толығымен көңіл бөлген маңызды. Егер сіз сонымен қатар теледидар қарасаңыз немесе жаңалықтарды оқысаңыз, балаға анасымен деген қарым-қатынас жеткіліксіз болуы мүмкін. Ал бірге өткізілген сапалы үзілістен кейін, ол келесі таймер қоңырауына дейін өзі-ақ ойнай алады.

2. Шыдамдылық үшін марапат

Бұл жақсы ой – ананың жұмыс істей алуы үшін балаға марапат ұсыну. Кинотеатрға бару, жаңа ойыншық немесе балмұздаққа баланы қуантатыны анық. Әрине, бұл әдісті тым көп пайдаланған дұрыс болмас, өйткені бала мұндай марапаттарды үнемі сұрай бастайды. Бірақ кейде бұл жұмысты мерзімінен бұрын аяқтаудың немесе онлайн режимінде жиналыс өткізудің жалғыз жолы.

 

Іс-шараларды ойлап табамыз

Өздігінен ойнауға болатын бірнеше қызықты ойындарды алдын-ала табыңыз. Мұнда бәрі баланың жасына және оның қалауына байланысты, бірақ келесі бірнеше жақсы идеяларға назар аударсаңыз болады.

  • Картон қораптарымен және фломастерлармен ойын баланы ұзақ уақытқа алдандыратын болады. Жақын жатқан дүкендерден бірнеше қажет емес қораптарды алдын-ала сұраңыз (қызметкерлер әдетте қораптармен бөлісуге дайын) және сізге жұмыс істеу қажет болған кезде балаға осы қазынаны беріңіз. Бала қораптармен не істеу керектігін өзі шешеді. Мүмкін оларды үйшікке, көлікке немесе қуыршақтарға арналған бесікке айналдырар – баланың қиялы шексіз ғой.
  • Кәстрөлдер, контейнерлер, ожаулар және басқа да ас үй ыдыстары балаларға өте ұнайды. Шыны керек, кейде аспазшылардан олар барабаншыларға да айналып жатады және бұл кезде жұмыс істеу қиынға соғады.
  • Жылтырақтар сияқты қосындылары бар слаймдар жиынтығын сатып алыңыз. Бала жабысқақ және түрлі-түсті нәрсемен ойнауға қуанышты болады. Мұндай сенсорлық ойындар балалардың жүйке жүйесіне оң әсер етеді.
  • Түрлі-түсті қағаз, бояу беттері, ермексаз, плэй-до және акварель боялары – бұл да балаларға арналған must-have. Ең бастысы — бұл материалдарды бөліп-бөліп беру, әйтпесе бала қайсысына қарарын білмей, бәрін тастай салады.
  • «Шекті» нұсқасы: балалар ваннасын алыңыз, бөлменің ортасына қойып сумен толтырыңыз. Бала көз алдыңызда ваннада су шашысып жатқанда немесе ойыншықтарды жуып жатқанда жұмысыңызды жасап алыңыз. Алдын-ала төсеніш төсеген немесе швабраны қасында ұстаған дұрыс.
  • Жаңа кішкентай ойыншықтар мен кітаптар сатып алып, ойындар бітіп, ал жұмыс әлі де қалған жағдайға, оларды жасырып қойыңыз.

 

Басымдықтарды белгілейміз

Үйде жұмыс істейтін аналарды супер әйелдер деп атауға болады. Бірақ тіпті қаһармандар бәрін үлгере алмайды. Сондықтан, істер тізімінде тек қажеттісін қалдырыңыз.

Бір күнге тапсырмаларды жазыңыз. Мысалы: «баламен уақыт өткізу, кешкі ас дайындау, үй жинау, жұмыс істеу, саябақта серуендеу, ұйқыны қандыру». Әдетте, орташа статистикалық ана «ұйқыны қандырудан» басқа бәрін жасауды таңдайды. Бұл көп ұзамай-ақ, созылмалы шаршауға және басқа да проблемаларға әкеп соғатын болады.

Сондықтан басымдықтарды өз мүдделеріңізге сүйене отырып, белгілеңіз. Мысалы: «жұмыс істеу» маңызды, «баламен уақыт өткізу» маңызды, «ұйқыны қандыру» маңызды деген сияқты. Тамаққа тапсырыс беруге болады, үйдегі бейберекет ешқайда қашып кетпес және серуендеуді бір рет өткізіп алуға да болады.

Есіңізде болсын, табысты мансап пен салауатты отбасының кепілі – бұл демалған ана. Ананың жақсы көңіл-күйі мен тыныштығының басты кепілі – балаларының денсаулығы. Баланың иммунитетін қалай қолдау керектігін және суық тию немесе ЖРВИ кезінде қалай тезірек қалпына келуге көмектесуге болатының біліңіз.

Келесі сабақ >>