Өмір жарқыны

Спортқа уақыт тапқысы келетін ата-аналарға арналған 5 лайфхак

Аналарға арналған лайфхактар

Спорт – біздің өміріміздің маңызды бөлігі. Спортпен үнемі шұғылдану әрқашан жақсы күйде болуға, сау және күшті сезінуге мүмкіндік береді. Үйде кішкентай балалар болған кезде жаттығуға уақыт табу өте қиын болуы мүмкін.  Босанғаннан кейін мүсінін қалпына келтіргісі келетін, бірақ 24/7 баласымен бірге болатын аналарға бұл жағдайда не істеу керек? Бала туғаннан кейін белсенді отбасы әдеттегі өмір салтын қалай сақтап қала алады?

Бұл мақалада біз сізге спорт пен отбасылық өмірді біріктіруге мүмкіндік беретін нақты лайфхактарды береміз, сондай-ақ олардың оң және теріс жақтарын қарастырамыз.

 

Баламен бірге жаттығу

Әлеуметтік желілерде ата-аналардың баламен бірге йога және фитнеспен айналысатын сансыз фотосуреттер мен бейнелерді таба аласыз. Әдетте, бұл өте шабыттандырады. Бірақ жаттығудың бұл әдісі бәріне бірдей келе бермейді. Сондықтан, егер сіз баламен бірге жаттыға бастасаңыз және сіздің үміттеріңіз ақталмаса (балақай қынырлануы мүмкін немесе сізді алаңдатуы мүмкін), бірлескен жаттығуларды кейінге қалдыруға тырысыңыз. Мүмкін, бала өскен кезде бәрі басқаша болар.

+ Бала бақылауда, сіз оның қауіпсіздігі мен өзін сезінуіне алаңдамайсыз.

+ Баланы қолда ұстап немесе арқаға салып, кеудені жерден көтеруге және отырыстар жасауға болады. Бұл тиімдірек жаттығуға көмектесетін қосымша жүктеме болады.

+ Өз мысалыңызбен сіз баланы белсенді өмір салтына үйретесіз

 

Біздің жоспарларымыз әрдайым балалардың жоспарларымен сәйкес келе бермейді және бала оған қатысқысы келмеуі мүмкін.

Жаттығу сондай-ақ миға қажет, алданумен және «декорацияларды ауыстыру» үшін. Көп адамдар йогамен тыныш және жалғыз айналысқанды ұнатады. Басқалары қатты музыканы қосып белсенді жаттығуларды жасағанды ұнатады. Баламен әдеттегі жағдайда жаттығу жасау екіталай.

 

 Серуенді спортпен біріктіреміз

Көбінесе ата-аналардың орындықта тапжылмай отырып, бесік арбаны бір сарында сырғытып жатқанын көруге болады. Себебі, барлық балалар бір сәтке болсын тоқтасаңыз дереу оянып кетеді.  Егер орындықта отыруды жылдам, қарқынды қадамға алмастырсаңыз, серуендеуді жақсы аралық жаттығуларға айналдыруға болады – қозғалыс жылдамдығын кезектестіріңіз, сонымен қатар бесік арбаны дөнге сырғыту керек болатын жол таңдаңыз.

+ Мұндай жаттығу уақытты үнемдейді, сіз бірден екі маңызды тапсырманы орындайсыз.

Қарқынды жүріс – бұл кардио жаттығу. Оның көмегімен калорияларды өртеуге болады, бірақ бұлшық еттерге бедерді тек күштік жүктемелер беретін болады.

 

Балалар бөлмесі бар фитнес-клуб

Балалар бөлмесі бар фитнес-клубтар — адамзаттың ең үлкен өнертабыстарының бірі. Сіз тыныш қана жаттығып, тіпті олардан кейін саунаға баруға мүмкіндік аласыз, ал бала болса жауапты және мұқият ересек адамның бақылауымен басқа балалармен бірге ойнайтын болады.

+ Бұл ата-аналар мен балаларға да ыңғайлы. Кейбіреулер жаттығып жатқанда, басқалары шеберлік сыныптары мен белсенді ойындарға қатысады, сонымен қатар құрдастарымен араласып, өздеріне жаңа дос табады.

Қызмет ақылы және оның құны өте жоғары болуы мүмкін.

Жасы бірге толмаған баласы бар ата-аналарға бұл тәсіл келмейді.

 

Бала ұйықтап жатқанда

Егер сіздің балаңыз фитнес-клубқа оны бірге алатын жасқа әлі жетпеген болса, онда ол көп ұйықтайтыны анық. Бұл сізге үйде жаттығуға мүмкіндік береді. Мұндай жаттығулар жаттықтырушы және «темірмен» жаттығулардың тиімділігінен кем түспеуі мүмкін. Қазіргі таңда Джиллиан Майклс, Хезер Робертсон және басқа да кәсіби фитнес нұсқаушыларының көптеген бейне сабақтарын тауып алуға болады.

+ Ешқайда барудың қажеті жоқ, сіз ыңғайлы жерде, үй жағдайында жаттығасыз.

Баланың ұйықтайтын уақыты-аналар үшін «алтын сағат» болып табылады. Көп нәрсені жасап үлгеру қажет! Үй жұмыстары, демалыс, жұмыс –осының бәрін біз бала төсегінде ұйықтап жатқанда жасауға жоспарлаймыз. Кейде істер тізіміне жаттығу жасауды қосу мүмкін емес.

 

Қысқа жаттығулар

Қысқа жаттығулар – бұл спортпен шұғылданғысы келетін бірақ оған уақыты аз ата-аналарға арналған әдіс. Яғни, толыққанды жаттығуды күніне 10-15 минуттан бірнеше бөлікке бөлу. Бала не нәрсеге болсын алданған кезде, бірден жаттығулар жасауға дереу кірісу керек.  Алдын ала жоспар құрып, соны ұстануға тырысу қажет.

+ Сіз әлеуметтік желілерге немесе теледидар көруге кететін бос уақытты ұтымды пайдаланасыз.

Егер бөліктер өте қарқынды болса, әр жолы душқа жүгіріп, киім ауыстыруға тура келеді. Бұл енді уақытты үнемдеуге ұқсамайды.

Бәлкім, жақсы жаттығудың басты шарты – бұл ананың бос уақытының болуы да емес (себебі мол ынтамен сіз әрқашан да жаттығу жасауға мүмкіндік таба аласыз – көптеген жолдар бар). Ең бастысы – барлық отбасы мүшелері мен баланың денсаулығы. Нәрестеге ЖРВИ немесе суық тигенде аурудың жағымсыз белгілерінен басқа, олар сонымен бірге мазасыздық, ұйқысыз түндер мен күннің бұзылған режиміне себепші болатыны анық. Баланың иммунитетін қалай қолдау керектігін және суық тию немесе ЖРВИ кезінде қалай тезірек қалпына келуге көмектесуге болатының біліңіз [ссылка на статью про Анаферон детский].

Иә, спортқа уақыт бөлетін белсенді ата-аналарға кейде өздерінің уақытты басқарудың бүкіл дағдыларын қолдануға тура келеді. Бірақ жақсы денсаулық пен сау, жинақы дене барлық салынған күш-жігерге тұрарлық екені анық.

<< Алдыңғы сабақ Следующий модуль >>