Денсаулық

Шынымен қайырлы таң. Ұйқысын қандырғысы келетін анаға арналған нұсқаулық

Аналарға арналған нұсқаулық

Ана болған керемет! Бірақ сонымен қатар ана болудың машақаты көп, себебі бұл 24/7 жұмыс, бұл кезде балаға қамқорлық жасау ғана емес, сонымен қатар тазалау, жуу, тамақ дайындау және басқа да көптеген тапсырмалар әйелдің мойнына жауапкершілік болып түседі. Түн – бұл ананың күшін қалпына келтіріп, демалатын уақыты, бірақ көбінесе баланың ұйқысы бұзылып, анасының да ұйқысы сол себептен қанбайды.

Біз сізге баланың ұйқысын реттеуге көмектесетін кеңестерді жинадық.

 

Жақсы жағдайлар

Саламатты және жақсы ұйқы үшін балаға көп нәрсе қажет емес: тойыну сезімі, құрғақ жөргек және бөлмедегі қолайлы ауа температурасы. Айтпақшы, сәбилер 18-20°C температурада және 50-60% ылғалдылықта жақсы ұйықтайды. Мұндай жағдайларда сәбиге тыныстау оңай болады, мұрынның шырышты қабаттары ылғалданады, сәби су ішкісі келмейді және оған ыстық және қапырық болмайды. Бұл температурада сәбиге жылы болуы үшін оны жұмсақ және ыңғайлы пижамаға киіндіріңіз немесе жеңдері бар ұйқыға арналған арнайы конвертке салыңыз.

 

Күн мен түн

Кейде сәбилер күн мен түнді шатастырады: бұл жағдайда олар күндіз көп ұйықтап, ал түнде керсінше ояу болады. Бұл жағдайды түзету және өз ұйқыңызды қандыру үшін, балақайға күннің дұрыс режимін қалыптастыруға көмектесіңіз. Баланы күндізгі жарықпен молынан қамтамасыз етіңіз және күндіз тыныштықты сақтауға тырыспаңыз. Керісінше, сіз классикалық немесе балалар музыкасын (ең бастысы – көңілді, ширақ музыка) қосып, әндетіп, сөйлесе аласыз.

Сәбидің күндіз ұзақ ұйықтамайтынына көз жеткізіңіз. Баланы алдандырыңыз, онымен ойнаңыз, күндізгі уақытты мүмкіндігінше белсенді өткізіңіз (бірақ шамадан тыс тырыспаңыз, себебі шамадан тыс белсенділік баланың жүйке жүйесінің шамадан тыс қозуына байланысты ұйқының бұзылуына әкеледі).

Кешке, керісінше, шамдарды сөндіріп, теледидар мен компьютерді өшіргеніңіз жөн – сәби ұйқыға дайындалып жатқан бөлмеде түнгі шамның күңгірт жарығы ғана жанып тұратын болсын. Психологиялық жайлылық та өте маңызды болып табылады: ата-аналар байыпты және байсалды болуы керек. Кешке, әрине, қарым-қатынасты дауыстап анықтап, қатты сөйлесудің ешбір қажеті жоқ. Есіңізде болсын: сабырлық түбі сары алтын. Шыдамдылық танытыңыз және бір апта ішінде сіз баланы түнгі ұйқыға қайта аударта алатын боласыз.

 

Реттілік

Күннің нақты режимі баланың түнгі ұйқысын реттеуге көмектеседі. Тамақтану, белсенділік, күндізгі және түнгі ұйқы стратегиясын айқындап алыңыз және баланың жасына және басқа өзгерістерге (саяхат, аурулар және басқа жағдайлар әдеттегі тәртіпті өзгертеді) байланысты оны біртіндеп түзетіп, режимді қатаң сақтаңыз. Ұйықтауға арналған кешкі рәсімнің маңызы да зор – мұнда әр ана өз баласы үшін маңызды әрекеттерді қолданады. Мысалы, жылы ванна, тыныштандыратын массаж, тамақтандыру және ертегіні оқу – өзіңізге сәйкес келетін нәрсені таңдасаңыз болады.

 

Жақсы көңіл-күй

Кез-келген дімкәстік – шаншу немесе мұрынның ағуы осының бәрі сәби ұйқысына кедергі келтіреді. Әрине, онымен бірге ересектер де ұйықтамайды. Аурулардың алдын-алыңыз, егер олар орын алса, балақайға мейлінше тезірек қалпына келуге көмектесіңіз. Баланың иммунитетін қалай қолдау керектігін және суық тию немесе ЖРВИ кезінде мейлінше тезірек қалпына келуге көмектесетін алгоритмді даярладық.

Ұйықысы қанған, демалған ана – бұл жақсы көңіл-күй мен бүкіл отбасының психологиялық жайлылығының кепілі. Біздің кеңестеріміз сізге пайдалы болады деп үміттенеміз, ал қосымша шабыт іздеп, көбірек білгісі келетіндер үшін біз кітаптар мен фильмдердің топтамасын жасадық.

<< Алдыңғы сабақ Келесі сабақ >>