Дербес уақыт

Декрет кезінде өзіңізді немен қуантуға болады?

Белсенді аналарға арналған нұсқаулық

«Бітпейтін бір күн» — көптеген аналар декретті осылай атайды. Бұл шынымен де солай. Көбінесе декреттегі аналардың күндері бір-бірінен тіпті ерекшеленбейді десе де болады.

Бұл бітпейтін күнге алуандылық қосатын кез келді! Біз сізді сергітер және жаңа эмоцияларды сезінуге көмектесетін қызықты идеяларды жинадық.

 

Үйден шықпай-ақ,

Кей кезде өзінді еркелеткін келеді, бірақ баланы қарауға қалдыратын адам жоқ. Бұл уайымға салынуға себеп емес, тіпті үйден шықпай-ақ қызықты нәрселер жасауға болады!

СПА десе де болады

Жуынатын бөлмеде кішігірім релакс аралын ұйымдастырыңыз. Бірнеше майшам жағып, оларды әр бұрышқа орналастырыңыз. Ваннаны сумен толтырып, оған хош иісті көбік немесе сүт қосыңыз (Мысыр патшайымдарынан қай жеріңіз кем?), сүйікті кремдеріңіз бен скрабтарыңызды өзіңізбен бірге алыңыз. Жақсы музыканы қосыңыз және жағымды атмосферадан рақат алыңыз.

Шағын кеш

Бұл қарым-қатынас жетіспейтін экстраверт аналарға жарайды. Сізге қажеттісі құрбыларыңызбен кездесу уақытын алдын-ала келісу. Кездесуді бейнеконференция арқылы ұйымдастыруға болады. Азық-түлік пен сусындарды «әкеліңіз», ұсақ-түйектер туралы сөйлесіңіз, қызықты адамдар қоғамынан рақат алыңыз. Әрине, бұл формат тірідей қарым-қатынасты алмастыра алмайды. Дегенмен сіз көптеген жағымды эмоцияларды сезінеріңіз анық.

Жаңа хобби

Хобби күнделікті істерден алдануға көмектеседі және көңіл-күйді керемет көтереді. Ең бастысы — өзіңізге ұнарлық хобби табу. Ол үшін көп жылға бұрын балалық шаққа оралу керек. 5-6 жастағы өзіңізді еске түсіріңіз.  Сізге не ұнайтын еді сол кезде? Мүмкін сіз өзіңізді айна алдында тұрып әнші ретінде елестеткен шығарсыз. Немесе құмсалғышта «тәтті тоқаштар дайындағанды» ұнатқан шығарсыз? Психологтар дәл осы жаста біз өзімізге нағыз ұнайтын нәрселерді жасағанымызды айтады. Балалық армандарды жүзеге асыратын кез келді, бірақ енді ересек адамша!

 

Адреналинді жарылыс

Ананың өмірінде үнемі болып тұратын жалғыз экстрим — бұл кенеттен суық тию және баланың сауда орталығындағы «қашулары». Бірақ шын мәніндегі экстремалды жағдайлар ұмытылмас эмоцияларды сезінуге мүмкіндік береді. Егер сіз өзіңіздің қорқыныштарыңызбен бетпе-бет кездесетін болсаңыз, оларды бірден және біржола жеңе алатын боласыз.

Бұлт астында

Биіктік әрқашан да таң қалдырады. Ұшу сезімі, қоңыр жел, жоғарыдан ашылатын әдемі көріністер. Бұл сіздің жүрегіңіздің лүпілдеп соғуына әкелері анық. Сіз дельтапланда ұша аласыз, «аспалы жолдармен» көтеріле аласыз, «тарзанкамен» секіре аласыз немесе шолу дөңгелегімен көтеріле аласыз.

Тереңдікте

Табиғат аясындағы тағы бір қызықты ойын-сауық — бұл дайвинг. Су астында жүзу үшін теңізде өмір сүрудің қажеті жоқ. Көптеген қалаларда мұны көлдерде де жүзеге асыруға болады. Сіз керемет өсімдіктер мен тіршілік иелері бар жаңа әлемді көретін боласыз.

Қорқыныштар бөлмесі

Заманауи технологиялар шынымен қорқынышты болатын квестерді жасауға мүмкіндік берді. Сіз нағыз қорқынышты әлемге еніп, қызықты жұмбақтарды шешіп, ең қатыгез құбыжықтарды жеңе алатын боласыз. Бұл оқиға ұзақ уақыт есте қалады!

Айтпақшы, балада суық тию немесе ЖРВИ сияқты жоспарланбаған төтенше жағдайды болдырмау әбден мүмкін: бұл үшін бала ағзасының қорғаныс функцияларын күшейту керек. Баланың иммунитетін қалай қолдау керектігін және суық тию немесе ЖРВИ кезінде мейлінше тезірек қалпына келуге көмектесетін алгоритмді даярладық.

 

Жаңаша демалу

Таныс нәрселерге жаңа көзқараспен қарайық. Себебі, тіпті қарапайым іс-әрекеттерді қызықты және пайдалы нәрсеге айналдыруға болады.

Шопинг

Қазір жаңа киім қажет болмаса да, дүкенге барып қайтыңыз. Баланы үйде қалдырыңыз және балалар дүкендерін айналып өтіңіз. Әйтпесе, сіздің шопингіңіз сәбиге жаңа шалбар таңдауға айналатын болады. Өзіңіз үшін жаңа, күтпеген бейнелерді таңдаңыз. Ешқашан сатып алмайтын ең ессіз киімдерді де киіп көріңіз. Шынында да, көбінесе декреттегі аналар тек бір стильдегі киімдерді киеді. Өзіңізге басқа жағынан қарайтын кез келді!

Киноның орнына театр

Театр – ерекше орын. Ондағы көріністер жүздеген дубльдердің көмегімен қайта ойналмайды. Бұл актерлердің нағыз, жанды ойыны. Театрда қызықты, шығармашыл адамдармен танысуға болады. Бұл әдемі көйлек киюге, әдемі шаш үлгісін жасауға және өзінді таңғажайып нәрсенің бір бөлшегі ретінде сезінуге себеп болады.

Гастрономиялық шабыттану

Аналар көбінесе бүкіл отбасы үшін тамақ дайындайды. Олар үй ішілерге сүйікті тағамдарын дайындап тұруға тырысады. Кейде оларға әркім өзіне ұнайтын тағамды жейтіндей күніне бірнеше тағам дайындауға тура келеді. Әдетте аналарда өзі жақсы көретін тағамды дайындауға уақыттары бола ма? Көп жағдайда — жоқ болмайды.

Сондықтан ананың өзін дәмді тағамдармен еркелетер кезегі келді. Өзіңіздің сүйікті мейрамханаңызға барыңыз немесе дәмді тағамдарды үйге жеткізуге тапсырыс беріңіз. Отбасыңыз үшін де сыбаға ала салыңыз, кем дегенде бір күн бойы тамақ дайындау және басқа да үй міндеттері туралы ұмытуға өзіңізге мүмкіндік беріңіз.

Қажетті көңіл-күйге түсу үшін, шабыт пен идеялар алу үшін сіз біз жинаған топтамадан кітаптар оқып, фильмдер мен мультфильмдерді көре аласыз.

<< Алдыңғы сабақ Келесі сабақ >>