Көңіл-күйді іздеу: Өмірге бояулар қосудың 5 тәсілі

Жақсы көңіл-күй үшін әйел затына сәл-пәл әлсіздік пен өмірдің кішкентай қуаныштары қажет. Егер сіз мезгіл-мезгіл өзіңізді еркелетіп, қуантуды әдетке айналдырсаңыз, онда сіз өзіңізді бақытты сезінесіз және балалар мен жақындарыңызға осы жақсы көңіл-күйді «жұқтыра» аласыз. Сізге арнап күнделікті өмірді ашық түстермен қалай бояуға болатындығы туралы бірнеше қарапайым идеяларды жинадық.

 

Жағымды ұсақ-түйектер

Көңіліміз құлазығанда, ештеңеге күш пен қуат жетіспегенде, көңіл-күйіміз жаман жаққа өзгереді – реніш, ашу және шаршау пайда болады. Бірақ өзіңіз үшін жағымды нәрсе жасаған кезде бәрі өзгеріп шыға келеді. Егер сіз күніңізді күйеуіңізбен таңертеңгі кофе ішіп жағымды әңгімеден бастасаңыз, онда күні бойы сізде көп қуат болуы әбден мүмкін. Егер бала еркелеп шолжаңдамаса, сабырлы болу оңайырақ болады. Кітап оқу, велосипед айдау, аспаздық тәжірибелер немесе жай ғана тұз бен май қосылған ванна қабылдау – мұндай жағымды іс-шаралар ерекше шығындарды қажет етпейді, бірақ олар сіздің ішкі ресурстарыңызды толықтыра алады.

 

Мұнда және қазір

Егер сізде «ерекше жағдай» үшін заттарды сақтау әдеті бар болса, бұл ережелерді анда-санда болсын бұзып көріңіз. Қонақтар үшін деп қойған хош иісті шайды өзіңізге демдеп, оның бай дәмінен рақат табыңыз; сирек себептерге арнап мұқият сақтайтын хош иісті әтірді себіңіз немесе сүйікті көйлегіңізді еш себепсіз киіңіз. Осы сәттен рақат алуды үйреніңіз және күнделікті өмірді ашық түстерге жиірек бояңыз!

 

Айналадан шабыт іздеңіз

Келесі тәжірибені қолданып көріңіз: күн сайын сізді таң қалдырған немесе қуантқан бір нәрсенің не құбылыстың фотосурет жасаңыз. Бұл кадрларды, мысалы, Instagram-ға жүктеуге болады немесе өзіңіздің жеке фотоальбомыңызға салып қоя аласыз. Өткен күннің тарихын бір кадрмен айтып беріңіз — осылайша сіз өзіңізге жақын әдемі және ерекше нәрселерді, құбылыстарды байқауға үйренесіз, мысалы: жерге құлаған жапырақ, саябақтағы қарт жұп, неон жарнамасы, тәтті балмұздақ, сүйікті кітап дүкені… Сіз айналадағының бәрінен ерекше нәрсені көруді үйренесіз және, әрине, өзіңізді бақытты сезінетін боласыз.

 

Ретке келтіру

Көптеген әйелдер сыртқы және ішкі тәртіп арасындағы тікелей байланыс жайлы біледі. Ұқаланған киімге лық толы шкаф, үстел астындағы едендегі жабысқақ дақ, жиналмаған төсек — бәрі таныс және күнделікті болып көрінгенімен, бірақ бұл ұсақ-түйектер ашуды келтірмей қоймайтыны айдан анық! Тәртіпті қалпына келтіруге және заттарды өз орнына қоюға бар болғаны 15 минут уақыт бөлсеңіз – сіз бірден жағымды қуат аласыз.

 

Бала сияқты болыңыз

Кейде өзіңізге балалармен бірге демалуға және есерленуге мүмкіндік беріңіз. Сіз, мысалы, әтеш үнін салудан кім бәрінен үздік болар деген, кім пингвинді немесе құртты күлкілі етіп суреттей алатынан жарыс ұйымдастыра аласыз. Әзілдесіп, күліңіз – бұл сізге жеңілдік сезімін сыйлап, кепілді түрде көңіл-күйіңізді көтерері анық.

Бәлкім, жақсы көңіл-күй мен жеңілдік сезімінің басты шарты — барлық отбасы мүшелері мен баланың денсаулығы болар. Нәрестеге ЖРВИ немесе суық тигенде аурудың жағымсыз белгілерінен басқа, олар сонымен бірге мазасыздық, ұйқысыз түндер мен күннің бұзылған режиміне себепші болатыны анық. Баланың иммунитетін қалай қолдау керектігін және суық тию немесе ЖРВИ кезінде қалай тезірек қалпына келуге көмектесуге болатының біліңіз.

Как путешествовать с детьми?

Ранний подъем, проверка чемоданов и документов, кранов и розеток, минутка спокойствия во время традиционного обряда «на дорожку». А потом еще путь до аэропорта, перелет, заселение в отель и еще море формальностей и хлопот, через которые нужно пройти ради теплого песка и местечка под солнцем. Как ни крути, путешествия – это не только развлечение, но и небольшой стресс. А уж если путешествовать с детьми, то уровень этого стресса может увеличиться многократно.
Поэтому многие родители задумываются: а стоит ли игра свеч? Если вы относитесь к числу сомневающихся, наше руководство поможет вам учесть все нюансы и принять взвешенное решение.

 

Без ложных ожиданий

В первую очередь, нужно заранее настроиться на то, что отдых не будет таким, как раньше. Возможно, ваш отпуск ассоциируется с коктейлями, громкой музыкой, мирным сном на пляже или длинными увлекательными экскурсиями.
С детьми все совершенно иначе. Но кто сказал, что это плохо? Вы посмотрите на мир глазами маленького человека. Вы научитесь строить замки из песка, находить самые красивые ракушки, пробовать на вкус соленое море и удивляться обычным вещам. Даже знакомые места покажутся чем-то волшебным и удивительным.

 

Спокойная дорога

Заранее продумайте, чем будет заниматься ребенок во время поездки. Иначе скучающий малыш быстро раскапризничается, а вам придется импровизировать на ходу. Загрузите на планшет интересные мультфильмы и аудиосказки, подготовьте раскраски, книги, игрушки. Все то, что он очень любит и всегда с радостью принимает.

 

Аптечка на все случаи жизни

Организм ребенка может отреагировать на другой климат совершенно непредсказуемым образом. Поэтому мы не можем не упомянуть о необходимости собрать аптечку, хотя многие из вас и так это знают. Захватите лекарства от жара, аллергии, «несварения», кишечных и вирусных инфекций. Например, здесь вы узнаете, как Анаферон детский помогает избежать вирусных заболеваний, а также как с его помощью сократить время болезни и избежать осложнений.

Возможно, все это вам даже не понадобится, но в случае форс-мажора вы мысленно поблагодарите себя за предусмотрительность.

 

Взаимопомощь

Сколько бы мы ни говорили о прелестях детского досуга, у взрослых все же остается потребность хотя бы немного расслабиться. И здесь очень важно заранее распределить обязанности между партнерами. Если один из родителей наслаждается за завтраком свежим тостом, пока второй пытается отнять нож у двухлетки, то к обеду роли совершенно точно должны поменяться.

Возможно, вы поехали в отпуск с ребенком вдвоем. Тогда стоит поискать «боевого товарища» среди других отдыхающих. Дети будут играть вместе, а вы получите возможность расслабиться.

 

Максимум комфорта, минимум неожиданностей

Если вы отправляетесь в путешествие с ребенком впервые, избегайте любого экстрима. Выбирайте отели, в которых предусмотрены детские площадки, няни и другие блага цивилизации. Позаботьтесь о комфорте каждого члена семьи. Возможно, в следующий раз, будучи уже опытным семейным туристом, вы сможете выбрать что-то более непредсказуемое. Но во время первой поездки важно исключить любой дополнительный стресс.

 

Правильный настрой

Дети чутко реагируют на настроение родителей. Если малыш почувствует тревогу и раздражение мамы, он тоже начнет нервничать. Поэтому старайтесь поддерживать атмосферу спокойствия и позитива.

До поездки поговорите с ребенком о ваших планах. Расскажите, куда вы отправляетесь, что интересного там можно увидеть, как там можно весело провести время. Предложите ему помочь вам собрать вещи, спросите, что бы он хотел взять с собой. Поделитесь с ребенком ощущением приятного волнения от предстоящей поездки. И тогда он почувствует себя смелым юным путешественником, готовым к любым приключениям.

А для того, чтобы настроиться на увлекательное семейное путешествие, вы можете почитать книги и посмотреть фильмы и мультфильмы из нашей подборки.

Спортқа уақыт тапқысы келетін ата-аналарға арналған 5 лайфхак

Спорт – біздің өміріміздің маңызды бөлігі. Спортпен үнемі шұғылдану әрқашан жақсы күйде болуға, сау және күшті сезінуге мүмкіндік береді. Үйде кішкентай балалар болған кезде жаттығуға уақыт табу өте қиын болуы мүмкін.  Босанғаннан кейін мүсінін қалпына келтіргісі келетін, бірақ 24/7 баласымен бірге болатын аналарға бұл жағдайда не істеу керек? Бала туғаннан кейін белсенді отбасы әдеттегі өмір салтын қалай сақтап қала алады?

Бұл мақалада біз сізге спорт пен отбасылық өмірді біріктіруге мүмкіндік беретін нақты лайфхактарды береміз, сондай-ақ олардың оң және теріс жақтарын қарастырамыз.

 

Баламен бірге жаттығу

Әлеуметтік желілерде ата-аналардың баламен бірге йога және фитнеспен айналысатын сансыз фотосуреттер мен бейнелерді таба аласыз. Әдетте, бұл өте шабыттандырады. Бірақ жаттығудың бұл әдісі бәріне бірдей келе бермейді. Сондықтан, егер сіз баламен бірге жаттыға бастасаңыз және сіздің үміттеріңіз ақталмаса (балақай қынырлануы мүмкін немесе сізді алаңдатуы мүмкін), бірлескен жаттығуларды кейінге қалдыруға тырысыңыз. Мүмкін, бала өскен кезде бәрі басқаша болар.

+ Бала бақылауда, сіз оның қауіпсіздігі мен өзін сезінуіне алаңдамайсыз.

+ Баланы қолда ұстап немесе арқаға салып, кеудені жерден көтеруге және отырыстар жасауға болады. Бұл тиімдірек жаттығуға көмектесетін қосымша жүктеме болады.

+ Өз мысалыңызбен сіз баланы белсенді өмір салтына үйретесіз

 

Біздің жоспарларымыз әрдайым балалардың жоспарларымен сәйкес келе бермейді және бала оған қатысқысы келмеуі мүмкін.

Жаттығу сондай-ақ миға қажет, алданумен және «декорацияларды ауыстыру» үшін. Көп адамдар йогамен тыныш және жалғыз айналысқанды ұнатады. Басқалары қатты музыканы қосып белсенді жаттығуларды жасағанды ұнатады. Баламен әдеттегі жағдайда жаттығу жасау екіталай.

 

 Серуенді спортпен біріктіреміз

Көбінесе ата-аналардың орындықта тапжылмай отырып, бесік арбаны бір сарында сырғытып жатқанын көруге болады. Себебі, барлық балалар бір сәтке болсын тоқтасаңыз дереу оянып кетеді.  Егер орындықта отыруды жылдам, қарқынды қадамға алмастырсаңыз, серуендеуді жақсы аралық жаттығуларға айналдыруға болады – қозғалыс жылдамдығын кезектестіріңіз, сонымен қатар бесік арбаны дөнге сырғыту керек болатын жол таңдаңыз.

+ Мұндай жаттығу уақытты үнемдейді, сіз бірден екі маңызды тапсырманы орындайсыз.

Қарқынды жүріс – бұл кардио жаттығу. Оның көмегімен калорияларды өртеуге болады, бірақ бұлшық еттерге бедерді тек күштік жүктемелер беретін болады.

 

Балалар бөлмесі бар фитнес-клуб

Балалар бөлмесі бар фитнес-клубтар — адамзаттың ең үлкен өнертабыстарының бірі. Сіз тыныш қана жаттығып, тіпті олардан кейін саунаға баруға мүмкіндік аласыз, ал бала болса жауапты және мұқият ересек адамның бақылауымен басқа балалармен бірге ойнайтын болады.

+ Бұл ата-аналар мен балаларға да ыңғайлы. Кейбіреулер жаттығып жатқанда, басқалары шеберлік сыныптары мен белсенді ойындарға қатысады, сонымен қатар құрдастарымен араласып, өздеріне жаңа дос табады.

Қызмет ақылы және оның құны өте жоғары болуы мүмкін.

Жасы бірге толмаған баласы бар ата-аналарға бұл тәсіл келмейді.

 

Бала ұйықтап жатқанда

Егер сіздің балаңыз фитнес-клубқа оны бірге алатын жасқа әлі жетпеген болса, онда ол көп ұйықтайтыны анық. Бұл сізге үйде жаттығуға мүмкіндік береді. Мұндай жаттығулар жаттықтырушы және «темірмен» жаттығулардың тиімділігінен кем түспеуі мүмкін. Қазіргі таңда Джиллиан Майклс, Хезер Робертсон және басқа да кәсіби фитнес нұсқаушыларының көптеген бейне сабақтарын тауып алуға болады.

+ Ешқайда барудың қажеті жоқ, сіз ыңғайлы жерде, үй жағдайында жаттығасыз.

Баланың ұйықтайтын уақыты-аналар үшін «алтын сағат» болып табылады. Көп нәрсені жасап үлгеру қажет! Үй жұмыстары, демалыс, жұмыс –осының бәрін біз бала төсегінде ұйықтап жатқанда жасауға жоспарлаймыз. Кейде істер тізіміне жаттығу жасауды қосу мүмкін емес.

 

Қысқа жаттығулар

Қысқа жаттығулар – бұл спортпен шұғылданғысы келетін бірақ оған уақыты аз ата-аналарға арналған әдіс. Яғни, толыққанды жаттығуды күніне 10-15 минуттан бірнеше бөлікке бөлу. Бала не нәрсеге болсын алданған кезде, бірден жаттығулар жасауға дереу кірісу керек.  Алдын ала жоспар құрып, соны ұстануға тырысу қажет.

+ Сіз әлеуметтік желілерге немесе теледидар көруге кететін бос уақытты ұтымды пайдаланасыз.

Егер бөліктер өте қарқынды болса, әр жолы душқа жүгіріп, киім ауыстыруға тура келеді. Бұл енді уақытты үнемдеуге ұқсамайды.

Бәлкім, жақсы жаттығудың басты шарты – бұл ананың бос уақытының болуы да емес (себебі мол ынтамен сіз әрқашан да жаттығу жасауға мүмкіндік таба аласыз – көптеген жолдар бар). Ең бастысы – барлық отбасы мүшелері мен баланың денсаулығы. Нәрестеге ЖРВИ немесе суық тигенде аурудың жағымсыз белгілерінен басқа, олар сонымен бірге мазасыздық, ұйқысыз түндер мен күннің бұзылған режиміне себепші болатыны анық. Баланың иммунитетін қалай қолдау керектігін және суық тию немесе ЖРВИ кезінде қалай тезірек қалпына келуге көмектесуге болатының біліңіз [ссылка на статью про Анаферон детский].

Иә, спортқа уақыт бөлетін белсенді ата-аналарға кейде өздерінің уақытты басқарудың бүкіл дағдыларын қолдануға тура келеді. Бірақ жақсы денсаулық пен сау, жинақы дене барлық салынған күш-жігерге тұрарлық екені анық.

Instagram-дағы ана: блогер бой түзеу мен керемет суреттердің құпияларын ашады

Instagram-да блог жүргізу – бұл шығармашылық, шабыттандыратын хобби, және көбінесе жақсы табыс көзіне айналады.   Бұл әлеуметтік желіде визуалды контент шешуші рөл атқарады. Соңғы кездері «тірі» аккаунттар жоғары бағалануда, оларда табиғат немесе заттар емес, адамдардың суреттері басым болып келеді.

«Іле кетер» суреттерді түсіруді қалай үйренуге болады? Кадрда өзінді қалай сенімді сезінуге болады? Бұл туралы және тағы басқалары туралы блогер Анастасия Трегубовамен сөйлестік. Анастасияның блогында 200 мыңнан астам жазылманы бар, ол Бірінші арнада «Доброе утро!» атты бағдарламасын жүргізіп, төрт бала тәрбиелеп отыр.

 

 Камерамен «достық»

Айнадағы бейне таңғажайып болып, ал суреттерде керісінше көрінетін құбылыс бәріне таныс. Бұл камера алдында біз ұялып, қысылғандықтан орын алады.  Сондықтан тележүргізуші бойды еркін ұстап, дұрыс көңіл-күйді аулауға кеңес береді.

«Ең алдымен, сыртқы факторлардан алшақтап, тынышталу керек. Сондықтан түсірілім алдында мен әрдайым тыныс алу жаттығуларын жасаймын. Егер бұл эфир болса, оған жаңылтпаш айтумен жаттығу және жақ бұлшықеттерінің жаттығуы қосылады», — дейді Анастасия.

Есіңізде болсын, тәжірибе тек практикамен келеді. Көріңіз, тәжірибе жасаңыз, содан кейін қорқыныш пен шырмалушылық кетеді.

 

Бой түзеуге қалай үйренуге болады?

Сәтсіз бой түзеу тіпті ең дұрыс пропорцияларды бұрмалауы мүмкін. Сондықтан ұтымды бой түзеулерді таңдауды үйрену маңызды. Анастасия бөліскен үш кеңес:

  • Белге назар аудартқыңыз келе ме? Оған қолыңызды қоюды ұмытпаңыз.
  • Бет қасындағы қолды шетжағымен ұстау керек, әйтпесе олар кадрда өте үлкен болып көрінеді.
  • Егер фотосурет толық бойлы болса, дененің төменгі бөлігі қырындап тұрғаны дұрыс. Сондықтан ол көзге кішірек болып көрінеді.

Әрине, көп нәрсе фигура мен киімнің ерекшеліктеріне байланысты болады. Сізге сәйкес келетін ракурстарды табуға тырысыңыз. Сынақ кадрларын жасаңыз, «жұмыс» жағыңызды іздеңіз. Тіпті жұлдыздар мен танымал сұлулар суретте жақсы шығу үшін бұл айлаларды пайдаланады.

 

Шығармашылық пен шабыт туралы

Қажетті көңіл-күй болмаса, суретке түсіру процесіне дұрыс қарау да қиын болады. Сондықтан Анастасия өз көңіл-күйіне ерекше назар аударуға кеңес береді.

«Фото түсірілім жасау алдында мен әрқашан ұйқымды қандырып, жақсы көңіл-күймен келуге тырысамын. Процесс барысында мен сүйікті музыкамды қосамын, бұл маған өте көмектеседі. Алдымен фотограф екеуміз жарықты «ұстап алу» үшін бірнеше сынақ кадрларын жасаймыз, содан кейін босаңсып өзімізді қалаған жерде елестетеміз».

Бейнеге енген сәтте бет әлпетіне және қолдың қалпына назар аудармаса да болады. Себебі, бұл күйде бәрі «өздігінен» шығатын болады. Ең кішігірім ұсақ-түйекке дейін кадрда не көрсету керектігін елестетуге тырысыңыз.

 

Балалармен суретке түсу

Балалар әрқашан да көптеген кадрлар жасауға деген ниетімізбен келіспейді. Ал егер олар төртеу болса, онда міндет одан да қиын болады. Біз Анастасиядан балалармен сәтті фотосуреттердің құпияларын бөлісуді сұрадық. Көп балалы ана бұл оған да қиындық туғызатынын мойындады. Бірақ ол оны ақылмен шешуге тырысады.

«Менің түсінгенім олар әлі фото түсірілімдерге дайын емес. Лиза суретке түсуді мүлдем ұнатпайды — бұл оның таңдауы және мен бұл таңдауын құрметтеймін. Миша мен сұрайтын барлық суреттерге тыныш қана түседі, Ника мен Игорь кейде жастарына байланысты қыңырлайды, бірақ жалпы алғанда бесінші кадрда бәрі дұрыс болады».

Егер бала сіздің хоббиіңізге қызығушылық танытпаса және оны қызықтыруға ешқандай сендіру көмектеспесе, онда жиі бірлескен фотосуреттерден бас тартқан дұрыс. Сіз әрқашан да балалармен көптеген суреттерді болдырмайтын контент жоспарын таңдай аласыз. Мүмкін уақыт өте келе баланың көзқарасы өзгеріп, ол сіздің блогыңыздың бір бөлігі болғысы келер.

 

Аудиторияны қалай «іле кету» туралы

Әрине, сәттіліктің ең көп үлесі SMM саласындағы дағдыларға байланысты болып келеді. Трендтерді ұстану, контентті үнемі салып отыру, жарнамалық құралдарды пайдалану өте маңызды. Бірақ кейбір блогерлерде жұмыс істейтін нәрсе басқаларында мүлдем жұмыс істемеуі де мүмкін.  Анастасия сәттіліктің құпиясы әрқашан шынайылық пен табиғилықта болатынына сенімді.

«Өзіңіз болыңыз, өзіңіз емес адамдардың кейпін алуға тырыспаңыз. Әлеуметтік желілер жалғандықты көреді және өтірікті ұнатпайды. Шынайы өзіңізді әлемге паш етіңіз, және сонда сіздің артыныздан адамдар еретін болады!».